Версия для слабовидящих Язык: 

Государственные символы

МИД

казинвест

Таныс-тамырсыз мемлекеттік қызметке орналасу мүмкін емес дейтін жастар, қазіргі таңда жоқ емес. Бірақ, мемлекет тарапынан бұл мәселелердің шешілуіне барынша мүмкіндік жасалуда.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңын басшылыққа ала отырып , жемқорлыққа қарсы ісәрекеттер әр салада жүзеге асырылып жатсада, өсіп келе жатқан жас буын тарапынан мемлекеттік қызметке сенімсіздік көрсететіндері, әрине, өкінішті. Жастардың мемлекеттік қызметке деген белсенділіктерін арттыру үшін, алдағы жоғары буын білімшеңдігін, әдептілік ұстанымдарының биіктігін, неғұрлым қарапайымдылығын көрсете білсе құба-құп болар еді...

Әр мемлекеттік орган өз құзіреті шегінде заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті екендігі бәрімізге мәлім. Дегенмен, әр жерден сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтар қылаңдауын тоқтатар емес.

Қоғамның дамуына қатер төндіретін қауіпті болдырмаудың бір тетігі жастарды рухани таза және сау қалпында мемлекеттік қызметке тарту.

Ата - бабаларымыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Әділ биі бар елді дау араламайды» дей отырып,  жас ұрпақтың ақыл-ойын әділдікпен шыңдап өсіргенін , әрі жастайынан ақиқатшыл бала билерді тәрбиелегенін анық білеміз.

Ойымды жинақтай келе, мына төмендегі өлең шумақтарыммен қорытындылағым келеді...

 

Бойыңда шынайылық қасиет болса егер

Бұл қызмет саған жақын, сезін оны

Билікпен халық арасын жалғастырып,

Сенімінің тірегі болып алшы.

 

Мемлекеттің мерейін көтеруді

Басты қағида етіп ал қызметіңде

Өз ісіңнің шебері болып отыр

Әр ісіңді жоспарлы, жүйелі етіп.

 

Мемлекеттік қызмет мәртебесі

Абыройлы міндеттің бар төресі

Мемлекеттік қызметшінің беделіне

Дақ түсірмей қызмет қыл адалдықпен!

 

Біле білсең, бұл қызметтің бар мерейі

Қарапайым мінезіңмен өлшенеді

Қырандай самғап, болашаққа қадам баста

Елің үшін қызмет қыл аянбастан!

 

 

Мақала авторы: «Қарағанды облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ

 персоналды басқару және құқықтық

жұмыс бөлімінің басшысы

Назгүл Әлкенқызы Іргебаева